Фейк: «Медицина» сөзі Медичи фамилиясынан шыққан»
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар итальяндық Медичи отбасы туралы «қорқынышты фактілермен» бөлісуде. Бұл әулет медицинаны «енгізген» немесе «Дәрі-дәрмектің жаңа тәртібін» құрған, денсаулық пен шөптер туралы оқулықтарды жойған екен. Бұл жалған, неге екенін төменде оқыңыздар.
Медичи әулетінің өкілдері XIII-XVIII ғасырларда Флоренцияны басқарған және Қайта өрлеу дәуірінің суретшілерін қолдаған. Қазіргі кезде telegram арнасындағы жарияланымда оларды әлем бойынша емші-балгерлердің көзін жойды деп айыптауда. Сондай-ақ, олар (әулеттен нақты кім екені көрсетілмеген) «медицина» ұғымын енгізіп, оны өздерінің тегімен Medici деп атаған екен. Бұл – фейк.
«Медицина» сөзі латынның ars medicina — «емдеу өнері», «жазылу өнері» сөз тіркесіндегі medicina сөзінен шыққан және medeor – «емдеу» етістігімен түбірлері бірдей.
Медичи әулеті кезінде (құжатта алғаш рет 1230 ж. жазылған) бұл ұғым бұрыннан қолданылып келген. Сонымен қатар, тарихшылардың пайымдауынша, керісінше, Медичи фамилиясы medicina сөзінен шыққан. Бір нұсқа бойынша, әулеттің мүшелерінің бірі Ұлы Карл сарайында дәрігер болған. Басқа нұсқа бойынша, отбасы бастапқыда дәріхана саудасымен айналысқан. Қалған нұсқалар медицинамен байланысты емес.
Сондай-ақ, Telegram-дағы хабарламаға сәйкес, олардың мұрагерлері бәрін өз бақылауында ұстау үшін фармкомпаниялардың және Медичина (медициналық) деп аталатын университеттердің басшылары болған.
Тарихи деректер Медичидің саяси әулет болғандығын көрсетеді. Бірақ олардың медицинаға қызығушылық танытқандығы туралы ешқандай дәлелдер жоқ. Медичи әлемдегі емші-балгерлердің көзін жойды деген мәлімдемеге де негіз жоқ.