Фейк: «Әлемдік үкімет жасанды найзағайдың көмегімен табиғи апаттар ұйымдастырады»
Қазнеттің қолданушылары «жасанды найзағайдың» суретін талқылауда. Кейбіреулер бұл тақырыпты өз мақсатында пайдаланып, осылайша әлемдік үкімет жолаушылар ұшақтарын құлатып, ауқымды табиғи апаттар жасайды дейді. Бұл олай емес.
Қастандық теориясын жақтаушылар өз болжамдарын растау үшін пайдаланатын фотода 2015 жылы АҚШ ғалымдары жүргізген тәжірибе көрсетілген. Ол кезде зерттеушілер тобы алғаш рет күн күркіреуін суретке түсіріп, дыбысты бірнеше аса сезімтал микрофонға жазып алыған, кейіннен дыбысты визуализациялап, акустикалық карта жасаған.
Найзағай тудыратын жағдайлардың зертханада жасалғаны рас. Зерттеушілер найзағай нақты белгіленген жерге соғуы үшін кевлар қабығындағы күйдірілген мыс сымды қолданды, одан электр разряды содан өтті. Бұл тәжірибенің фотосуреттері мен видеосын желіден табуға болады.
Жасанды найзағай деген бар, бірақ оларды қазіргі заманғы ғылыми жетістік деп атау қиын. Оларды алғаш рет атақты физик Никола Тесла 1891 жылы, яғни 130 жыл бұрын жасаған.
Тесла прототиптерін жасаған трансформаторлар әлі де қолданылып келеді. Кейде көпшіліктің көңілін көтеру үшін.
Найзағай – бұл атмосферада пайда болатын электр разряды. Жерде осындай құбылысты үйде де жасауға болады. Мысалы, шарды жүннен тоқылған жемпірге үйкелеп, қолыңызды жақындатыңыз. Шар «электр тогын тудырады», ал шар мен алақаныңыздың арасында кішкентай «найзағайларды» байқалады. Қарапайым құралды пайдалана отырып, су құйылған бөтелкеде де найзағай тудырауға болады.
Бірақ бұл үлкен найзағайлар қалалар мен аудандарды жою үшін ғана жасалуы мүмкін деген сөз емес. Біріншіден, найзағай өртке әкелуі мүмкін, бірақ су тасқынын, климаттың өзгеруін, дауылды жел және басқа да табиғи құбылыстарды тудыра алмайды.
Екіншіден, қуатты найзағай жасау үшін «шабуыл» нысанына жақын жерде орналасқан үлкен трансформаторлар қажет. Ал оларды байқамау мүмкін емес. Оның үстіне, ұшақты жасанды найзағаймен құлату үшін жабдық әуеде ұшақтан жоғары орналасуы керек. Ал мұны техникалық тұрғыдан орындау өте қиын екені баршамызға белгілі.