Fake News

Фейк: «ДДСҰ педофилияны заңдастыруды жоспарлап отыр»

Қазақстандықтар ДДСҰ педофилияны заңдастыруды жоспарлап отыр деген ақпаратты талқылауда. Telegram мессенджерінде пайдаланушылар ДДСҰ әзірлеген Аурулардың халықаралық жіктеуішіне сүйенеді, олардың айтуынша, онда педофилия жыныстық құмарлықтың бұзылуы деп танылмаған. Бұл олай емес.

Бұл жаңалық алғаш рет «Накануне.ги» порталында жарияланды. Қазақстандықтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде осы ақпаратты талқылауда.
Материалда 2019 жылғы Аурулардың халықаралық жіктеуішіне (АХЖ-11) сәйкес «педофилия жыныстық құмарлықтың бұзылуы болмайды» делінген. Шын мәнінде, АХЖ-11 мұндай тұжырымдар жоқ.
Онда педофилиялық бұзылу 6D32 кодымен көрсетілген және «Психикалық, мінез-құлық немесе жүйке жүйесінің дамуының бұзылуы» бөлімінде «Парафилиялық бұзылулар» бөлімшесінде орналасқан.
АХЖ-11 сәйкес, педофилиялық бұзылу, «препубертатты жастағы балалардың қатысуымен тұрақты жыныстық ойларда, қиялдарда, ниетте немесе тәртіпте көрініс табатын тұрақты, мақсатты және қарқынды жыныстық қозу үлгісімен сипатталады. Сонымен қатар, педофилиялық бұзылу диагнозын қою үшін адам осы ойларға, қиялдарға немесе ниетке сәйкес әрекет етуі керек немесе осыған қатысты қатты алаңдатуы тиіс. Бұл диагноз пре- немесе постпубертатты жастағы балалардың құрдастарымен сексуалды тәртібіне қатысты емес».

Сондай-ақ, ДДСҰ қандай да бомасын елдің заңдарын өзгертуге, кез келген нәрсені заңдастыруға немесе заңсыз деп тануға құқысыз.
Демек, ДДСҰ педофилияны заңдастырмайды, тек оны диагностикалау бойынша жаңа ұсыныстар ғана енгізеді.
«АҚШ-тың жоғалған және қанауға ұшыраған балалар ісі жөніндегі ұлттық орталығы» ФТБ-мен бірлесіп дайындаған «Балаларды зәбірлеушілердің мінез-құлқын талдау» құжатына сәйкес, балаларға қарсы жыныстық қылмыс жасағандардың бір бөлігі ғана педофил болып табылады.

Осылайша, педофилдік бұзылуы бар адамдарды уақытылы және дәл анықтау балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстардың санын азайтуда маңызды рөл атқарады.
ДДСҰ ұсыныстары және ұйым мамандарының педофилдік бұзылуларды анықтауы пациенттердегі ауытқуды дәл анықтауға және оларға тиісті терапия тағайындауға көмектеседі.

Айта кетейік, Қазақстанда 16 жасқа толмаған адамдарға қатысты жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер ҚР ҚК 122-бабына сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. ҚР ҚК 124-бабына сәйкес, балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау заңмен қудаланады.
ДДСҰ заңдардың күшін жоя немесе енгізе алмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне де түзетулер енгізбейді.
 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button