Fake News

Фейк: «Вакцинация – бұл қатерлі ісік ДНҚ екпесі»

Қазақстандық қастандық теорияларын жақтаушылар вакциналардың рак тіндерінде өсірілетіні туралы постпен бөлісуде. Вакцинацияның басты мақсаты – иммунитетті жою. Бұл ақпараттың неге жалған екендігін анықтайық.

Авторы профессор А. П. Столешников деп жазылған мәтінде «жаһандық демографиялық мәселелерді шешу тәртібімен балаларға онкология егіледі» делінген.
Профессор Столешников, оның біліктілігі мен практикасы туралы ашық дереккөздерде сенімді ақпарат жоқ. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ол қазіргі медицинаның жетістіктерін жоққа шығаратын және ашығумен, бұрыш тұнбасымен, жолжелкенмен емделуді ұсынатын бірнеше кітап шығарған.

Қатерлі ісік жасушалары қатерлі ісік, ЖҚТҚ, радиация және улы заттардың әсерін зерттеу, гендік карта жасау үшін қолданылады. Ең танымал жасуша желісі 1951 жылы жатыр мойны обырының жасушаларынан алынған Hela болып табылады.

Бірақ бірнеше себептерге байланысты обыр жасушаларын вакциналар әзірлеуге қолдануға болмайды. Біріншіден, бұл мақсатта ең тұрақты параметрлері бар жасушалар ғана қолданылады. Мысалы, ұрық жасушалары. Бұл туралы StopFake.kz вакциналардың құрамы туралы материалда жазған болатын.

Екпелер құрамы: шындық пен миф

Сонымен қатар, АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасының (FDA) мәліметтері бойынша, қатерлі ісік жасушалары әртүрлі «тыныш жатқан» вирустарды жұқтыруы мүмкін, сондықтан оларды вакциналар әзірлеуге пайдаланбайды.

Дана Фарбер қатерлі ісік институты вакциналар мен қатерлі ісік ауруына шалдығудың жоғары қаупі арасындағы байланысты жоққа шығарады.

Worth the Shot: No, Vaccines Won’t Give You Cancer

Әлем ғалымдарының пайымдауынша, вакциналар, керісінше, қатерлі ісік ауруының қаупін төмендетуі мүмкін.
Кейбір вирустар (мысалы, адам папилломасы вирусы) адам жасушаларына әсер етеді, нәтижесінде олар қатерлі ісік ретінде «қалыптасуы» мүмкін. Осы вирустарға қарсы вакцинация онкологияның даму қаупін төмендетеді.
Айта кетейік, «вакцинация жаһандық демографиялық мәселелерді шешу үшін қолданылады» деген сөз манипуляция ғана. Барлық деректер вакцинация деңгейі неғұрлым жоғары болса, халыққа екпе жасалатын аурулармен сырқаттанушылық көрсеткіші соғұрлым төмен болатынын көрсетіп отыр. Вакцинацияның арқасында әлемде балалар өлімі 1990 жылы 5,1 миллионнан 1,8 миллионға дейін азайды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button