Fake News

Фейк: «Доктор Энтони Фаучи – Тереза ананың жасырған баласы»

Қазнетте әйгілі америкалық дәрігер және Джо Байденнің бас медициналық кеңесшісі Энтони Фаучи, шын мәнінде, Тереза ананың некесіз туған баласы деген теория талқылануда. Бұған ешқандай дәлел жоқ.


Тереза ананың балалары болмаған. 1931 жылы ол шашын қидырып, ресми түрде монах әйел атанды.
1940 жылы Этнони Фаучи дүниеге келген кезде Тереза ана Үндістанның Калькутта қаласында болған, онда ол Әулие Мария әйелдер мектебінде сабақ берді.
Энтони Фаучи Калькуттада емес, АҚШ-та Нью-Йоркте дүниеге келген. Оның ата-анасы -италиялық мигранттар Евгения мен Стефан. Энтони Фаучи – отбасыдағы екінші бала.

Тереза Ана мен Доктор Фаучи қандас туысқандар деген теория Энтони Фаучи Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институтын басқарғаннан кейін 1980 жылдары түсірілген жалғыз фотосуретке негізделген. Теория авторлары тек сыртқы ұқсастықтарға сілтеме жасайды. 
Фаучи мен Тереза ананың туыстығы басқа ешқалай расталмайды. Бірақ белгілі фактілерді салыстыра отырып, оны жоққа шығару оңай.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button