Фейк аккаунттар

Қазақстандықтарды тағы да Хабиб Нурмагомедовтың атынан алдауда

Whats’App мессенджерінде алаяқтар UFC палуаны Хабиб Нурмагомедов өткізіп жатқан автомобильдер ұтысына қатысуға шақыру таратуда. Хабарламада ұсынылған сілтеме фишингтік сайтқа апарады.

Ұтысқа 2019 жылғы жүздеген Toyota Camry автокөлігі мен ақшалай сыйлық тігілген. Олардың біріне ие болу үшін қысқа сауалнамадан өту керек.
Сілтемесі көрсетілген сайт фишингтік болып табылады. Демек, пайдаланушылар порталда жазған деректердің барлығы үшінші тұлғаларға белгілі болады. Осылайша, алаяқтар өз құрбандарының жеке ақпаратына, төлем деректері мен жеке аккаунттарына қолжеткізе алады.
Атақты спортшының атынан қазақстандықтарды алдау әрекеті бірінші рет жасалып отырған жоқ. 2019 жылы KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі алаяқтықтың осындай түрі туралы ескерткен болатын. 
Фишинг дегеніміз не және алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдары туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button