Манипуляция: «Merk фармацевтикалық компаниясы COVID-19 қарсы вакциналарды тиімсіз деп жариялады»
Қазақстандықтар Telegram-арналарда вакцина өндірісіне маманданған Merk фармацевтикалық компаниясының COVID-19-ға қарсы препараттарды әзірлеуді тоқтатқаны туралы жаңалықты талқылауда. Сондай-ақ, ол табиғи иммунитетпен салыстырғанда олардың тиімділігі төмен екенін мәлімдеген екен. Желі қолданушылары мұны коронавирусқа қарсы вакциналардың тиімділігінің төмен екендігінің дәлелі деп санайды. Бұл олай емес.
Merk компаниясы COVID-19 қарсы бірден екі вакцина әзірлеген – V590 және V591. Екі препарат та клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтті. Компанияның ресми сайтындағы хабарламаға сәйкес, олардың нәтижелері қанағаттанарлықсыз болды.
– Бұл зерттеулерде V590 және V591 екеуіне де төзімділік жақсы болды, бірақ иммундық жауаптар табиғи жұқтырудан кейін байқалғаға және SARS-CoV-2 / COVID-19 қарсы басқа вакциналар бойынша хабарланғандарға қарағанда нашар болды», – делінген фармкомпания сайтында.
Осылайша, Merk әзірлеушілері препараттардың басқа компаниялар шығарған аналогтардан төмен екенін мойындады. Бұл COVID-19 қарсы басқа вакциналар да тиімсіз деген сөз емес.
Сондай-ақ, Merk сайтындағы ақпаратқа сәйкес, компания COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу үшін терапевтік препараттар шығаруға бар күшін салуды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде екі дәрілік зат жасалуда – МК-7110 және МК-4482.
Клиникалық сынақтан өткен вакциналардың тиімділігі дәлелденген. Бүгінгі таңда әлемде Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca және құрметті академик Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы шығарған препараттар бар.
Қазақстандық QAZCOVID-IN вакцинасы қазіргі кезде клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінен өтуде.