Фейк аккаунттар

Қазақстандықтарды танымал мейрамханалар желісі атынан алдауда

Казнет пайдаланушыларын McDonald’s тез тамақтану мейрамханалары желісінің атынан алдауда. Instagram-дағы аккаунтқа жазылған үшін үлкен жеңілдіктер жасалады екен.

13000 пайдаланушы @mcdonalds_official_krg аккаунтына жазылған үшін 60% және 40% дисконттар ұсынады. Бұл жақында Қарағандыда ашылатын тез тамақтану мейрамханасының парақшасы дейді. Бірақ бұл жалған. Қазіргі кезде McDonald’s мұндай акция өткізіп жатқан жоқ.

«Бұл аккаунт – фейк. Қазақстанда McDonald’s мейрамханаларының жұмысына жетекшілік ететін жалғыз ресми аккаунт – бұл @mcdonalds.kaz, – деп хабарлады McDonald’s брендінің ресми парақшасының өкілдері мен брендтің маркетингті басқару бөлімі.

Мейрамханалар желісінің акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы барлық ақпаратты @mcdonalds.kaz ресми Instagram-аккаунтынан немесе https://mcdonalds.kz/ ресми сайтынан оқуға болады

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін верификация белгісі жоқ мекемелер мен атақты адамдардың парақшаларына жазылмауға кеңес береміз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button