Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған адамдар көк түсті маска тағуы керек»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда адамдарға тек қызыл немесе көк түсті бетперде тағуға рұқсат етілетіні туралы хабарламамен бөлісуде. Қызыл маска COVID-19 вакцинасын алмағандарға арналған. Бұл мәлімдеме – жалған.

Хабарламада жарнамалық плакаттың суреті бейнеленген. Сондай-ақ, вакцинацияланбаған адамдар қызыл маска тағудан басқа үш айлық карантинде болуы керек, оларға сапарға шығуға тыйым салынады, сайлауға қатыспайды және сауда жасай алмайды делінген. Ал, вакцина алған адамдар көк маска тағады және пандемия кезінде оларға қойылған шектеулер әлдеқайда аз болады.

Бұл жарнамалық проспект әлеуметтік желілерде қаңтар айының алғашқы күндерінде-ақ тез таралды.
Жарнамалық парақшаның фотосуреті АҚШ-та Юта штатында түсірілген сияқты. Онда жергілікті коронавирус бойынша сенім телефонының нөмірі көрсетілген. Қалған ақпарат фейк болып табылады. Көк және қызыл маскалар туралы хабарламаларды Юта штатының билігі Twitter-дегі ресми аккаунтында жоққа шығарды. Онда вакцина алу-алмауға қатысты ешқандай шектеулер жоқ, сондай-ақ вакцина салдырғанын дәлелдеу үшін адамдардан нақты бір түсті маска тағуды ешкім талап етпейді немесе сұрамайды деп жазылған.

Демек, жарнамалық парақшаның мазмұны фейк болып табылады. Вакцинацияланбаған адамдарға белгілі бір түсті маскалар тағу керек деп айтуға негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button