Fake News

Фейк: «COVID-19 пандемиясы 2017 жылы жоспарланған»

Қазнет қолданушылары COVID-19 пандемиясы алдын ала жоспарланғаны туралы хабарламалармен бөлісуде. Бұған 2017 жылғы қазан айында The Washington Post сайтында жарияланған мақала дәлел бола алады. Онда әртүрлі елдердің Үкімет мүшелері мен Дүниежүзілік банк өкілдері қатысқан пандемиялық оқу-жаттығулар туралы жазылған.

Шын мәнінде, мақала COVID-19 алдын ала жоспарланған акция екенін дәлелдемейді.

Пандемиялық оқу-жаттығулар сирек болмайды. Соңғы 20 жылда олар тұрақты түрде  өткізілді. Ең танымалдары – «Қараңғы қыс» – шешек пандемиясына дайындық (2001), «Атлантикалық дауыл» транс-атлантикалық биотеррористік шабуыл кезіндегі іс-қимылдар (2005) және «Клэйд-х» – вакцинасы әлі табылмаған жаңа вирусқа арналған сценарий (2018). Қастандық теориясын жақтаушылар пандемия «сценарийі» деп те атайтын басқа оқу-жаттығулар «Оқиға 201» деп аталады. Олар 2019 жылы өткізіліп, коронавирустық пандемия идеясына негізделген болатын. Сценарий коронавирустар бұрыннан қауіпті деп танылғандықтан таңдалды және ғалымдар вирустардың нақ осы тобы басқа вирустарға қарағанда індет тудыруы мүмкін екендігін талай. Қалған бөлігінде сценарий қазіргі COVID-19 пандемиясынан өзгеше. Оқу-жаттығуға сәйкес, вирус Бразилияда шыққан, әлдеқайда жұқпалы және өлім-жітім көрсеткіші аса жоғары болған, ал вакцина халықтың 90% ауырған кезде ғана әзірленді. Осы оқу-жаттығулардың нәтижесінде нақты қауіп туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер алгоритмі жасалады.

Мақалада айтылып отырған 2017 жылы Дүниежүзілік Банк өткізген оқу-жаттығу Батыс Африкада басталған және 11 мыңнан астам адамның өмірін қиған Эбола індетінен кейін ұйымдастырылған.

2017 жылы жүргізілген симуляция бірнеше ел үкіметтерінің денсаулық сақтау, туризм, қаржы салаларындағы пандемия қаупіне реакциясын қамтыды. Сондай-ақ, симуляция сценарийінде әлеуметтік желілер арқылы жаңалықтар тарату және олардың пандемияның дамуына әсері де болды. Мәселені шешудің әртүрлі нұсқаларында шекараларды жабу және саяхатқа тыйым салу мүмкіндіктері қарастырылды.

Дегенмен, 2017 жылғы симуляцияда COVID-19 пандемиясының даму барысына нақты сәйкестіктер жоқ. Симуляцияның өзі болмаған оқиға емес. Демек, пандемиялық оқу-жаттығулар бүкіл әлемдегі құтқарушыларға арналған әскери жаттығулар мен симуляцияларға ұқсас әдеттегі құбылыс. Олардың кейбірін болашақтағы қайғылы оқиғалардың «сценарийі» деп санауға болмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button