Фейк аккаунттар

Әлеуметтік желіде банктің фейк парақшасы пайда болды

StopFake.kz порталының редакциясына Facebook-тегі парақшаның түпнұсқалығын тексеруді сұраған оқырман жүгінді. Аккаунтта ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бұл Halyk Bank-тің парақшасы, бірақ ол «жеке блог» деп белгіленген.
Бұл парақша – фейк.

Оны Halyk Bank-тің өзі де растады:
– Бұл алаяқтардың ісі! Сақ болыңыздар және шоттар бойынша ақпарат бермеулеріңізді сұраймыз.

Сондай-ақ, аккаунттың жалған екендігін парақшаны верификациялайтын арнайы белгілердің болмауынан және мекеменің акциялары мен жұмысы туралы тиісті ақпараттың жоқтығынан байқауға болады. Мұның бәрі Halyk Bank-тің ресми аккаунтында жарияланған.
Дербес деректерді немесе төлем карталары туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға ешбір жағдайда хабарлауға болмайтынын ескертеміз. Парольдер мен шоттарға кіру кодтарын банк қызметкерлеріне де айтуға болмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button