Fake News

Фейкн: «Жерде аштық болып, тамақ тек вакцинацияланғандарға ғана беріледі»

Қазнетте жақында ғаламшарда ашаршылық болатыны және «өсімдік тектес ақуыз өнімдерінің пакеттері” тек COVID-19 қарсы екпе жасатқандарға ғана берілетіні туралы жаңалық талқылануда. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті Клаус Шваб өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Бұл – фейк.

Клаус Шваб онлайн да, шынайы өмірде де мұндай мәлімдеме жасамаған. Конспирологиялық теорияларды жақтаушылар бұл дәйексөзді Швабтың фейк парақшасынан алған. Ал шынайы, жүйемен верификацияланған аккаунтында бір ғана жарияланым бар, онда былай делінген: «Twitter-ге қосылғаныма қуаныштымын. Сіздердің хабарламаларыңызды асыға күтемін, өйткені біз 2021 жылы қаңтарда онлайн режимде өтетін #DavosAgenda апталығына дайындалып жатырмыз». Бұл твит осы жылдың 26 қарашасында жазылған.

Жақында Жер бетінде жаһандық аштық болатынына ешқандай маңызды алғышарттар жоқ. Керісінше, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден (айта кетейік, алдағы азық-түлік тапшылығына оның да қатысы бар дейді) осы жылдың мамыр айында сайлау науқаны кезінде елде азық-түлік тапшылығы проблемасы жоқ деп мәлімдеді.

Демек, COVID-19 қарсы екпе жасатқандар ғана азық-түлікпен қамтамасыз етіледі деген пікірлер мағынасыз.

Жалпы, бүкіл теория жалған аккаунтта жарияланған бір хабарламаға негізделген және нақты фактілер жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button