Медициналық фейктер

Қара жемісті шетен шырыны коронавирусты тоқтатады – манипуляция

Желіде қара жемісті шетен мен анар шырыны, көк шай коронавирусты тоқтатады деген ақпарат тарады. Алайда, бұл деректер расталмаған және осындай қорытынды жасауға негіз болған зерттеулер қаралмаған.


Неміс ғалымдары кейбір жеміс-жидектер шырынының бұрын-соңды болмаған пайдасы туралы айтып отыр. Олар өз тәжірибелерін BioRxiv сайтында сипаттаған. Бұл платформа тек зерттеулердің мақсаттарына ғана арналған. Яғни, олардағы деректер рецензияланбаған және клиникалық зерттеулермен расталмаған. Тиісінше, сайтта жарияланған құжаттарға шынайы дереккөз ретінде сілтеме жасауға болмайды. Бұл туралы ескерту платформаның өзінде жарияланған.

Сондай-ақ, неміс зерттеушілері шырындармен және in vitro көк шайымен, яғни тірі организмнен тыс тәжірибе жүргізгенін атап өткен жөн. Осылайша, шырындардың вирус жұқтырған адамдарға немесе жануарларға әсері белгісіз.
Айта кетейік, табиғи шырындар да көк шай сияқты ағзаға оң әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ бұл олар COVID-19-ды емдейді деген сөз емес.

 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button