Fake News

COVID-19 әдеттегі тұмаудан қауіпті емес – манипуляция

Қазнетте адамдарға COVID-19-дан қорқудың қажеті жоқ деген хабар таратылуда. Індеттің қауіптілігі туралы сөз асыра сілтеп айтылған. Іс жүзінде ол әдеттегі маусымдық тұмаудан аспайды. Бұл мәлімдеме манипуляция болып табылады.


Коронавирустық инфекцияны көп жағдайда қарапайым тұмаумен салыстырады. Шынында да, ортақ белгілері көп. Клиникалық картинасы да ұқсас – екеуінің де симптомсыз немесе жеңілден ауырға дейінгі респираторлық ауру түрлерін тудырады, соның ішінде өлімге әкелетін жағдайлар да болады.
Бірақ инфекцияның таралу қарқыны әртүрлі. Инкубациялық кезең және инфекцияның бір адамнан екінші адамға жұғу уақыты тұмау болғанда КВИ-ге қарағанда аздау. Бағалаулар бойынша, COVID-19 кезінде генерация уақыты 5-6 күнді құрайды, ал тұмау болғанда – 3 күн.
Ал репродуктивті саны COVID-19 кезінде тұмау вирусына қарағанда жоғары. Демек, коронавируспен ауыратын науқас жай тұмауға қарағанда індетті көп адамға жұқтыруы мүмкін.
Сондай-ақ, COVID-19 маусымдық тұмаудан жоғары өлім көрсеткішімен ерекшеленеді. ДДСҰ мәліметтері бойынша, науқастардың 3-4%-ы коронавирустық инфекциядан қайтыс болады. Маусымдық тұмаудың өлім көрсеткіші әдетте 0,1% дейін болады.
Бұл екі аурудың арасындағы ең басты айырмашылық – тұмау адамзатқа бұрыннан белгілі. Олар оны тез және тиімді емдей алады, әр түрлі штамдарға қарсы бірқатар тиімді вакциналар жасалды.
COVID-19 – бұл мүлдем жаңа және әлі толық зерттелмеген ауру. Оған қарсы вакциналар мен тиімді дәрі-дәрмек жоқ. Сондықтан COVID-19 тұмаудан гөрі қауіпті болуы мүмкін –індетті жұқтырған жағдайда науқас өз иммунитетіне сенім артады.
 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button