Fake News
Қарағанды облысында қалалар жабылып жатқан жоқ
Әлеуметтік желілерде Қарағанды облысында 9 қарашадан бастап блок-бекеттер қойылып, ірі қалалар толығымен жабылады деген ақпарат тарады. Өңір әкімі Жеңіс Қасымбек бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
Облыс билігі әзірге қалаларға кірі-пшығуға толық тыйым салмайды. Сондай-ақ облыста блок-бекеттер қойылмаған. Бұл шаралар аймақтағы эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда қабылдануы мүмкін. Бірақ қазір ондай жоқ. Қазіргі вирусқа қарсы шаралар жеткілікті. Облыстағы ауруханалардағы науқастар саны 4 пайыздан аз, инфекцияның таралуының орташа көрсеткіші – 1,1%. Бұл елдегі орташа деңгейден төмен.