Кеңсе қызметкерлері жаттығу жасауға мәжбүр – манипуляция
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыста физикалық жаттығу жасау ережелерін бекітті. Кейбір желі қолданушылары енді басшылар спортпен шұғылдануға мәжбүр етеді деп алаңдауда.
Мұндай ережелердің бекітілгені рас, бірақ ұсынымдық сипатта. Мұны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас сарапшысы Әйгерім Садубаева қуаттады.
– Жаттығу жасамаған үшін жазаламайды. Бұл нысанды іске асыру бойынша әкімшілік ықпал жоқ. Яғни, бұл жұмыс берушінің жауапкершілігі, – деді ол Atameken Business телеарнасының эфирінде.
Ұсынылған физикалық жаттығулар қарапайым гимнастикалық жаттығулардан тұрады. Оны түске дейін 12-15 минутқа жуық уақыт орындау ұсынылады.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтыратын ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp номеріне жіберіңіз.