Павлодар облысында маскасыз азаматтарды «аулау» туралы құжат – жалған
Stopfake редакциясына әлеуметтік желілерде таратылған құжаттың түпнұсқалығын тексеру туралы өтініш түсті. Онда Павлодар облысы ПД бастығының м.а. күн сайын маска режимін бұзушылардың белгілі бір санын анықтауды талап ететіні жазылған.
«Күн сайын маска режимін бұзу фактілері анықталсын: Павлодарда – 25 дерек, Екібастұзда – 25, Ақсу қаласында – 20, ауылдық аудандарда – 10 дерек. Ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда міндетті түрде құқық бұзушылықтарды фото, бейнетіркеу болуы тиіс. Ескертемін: осы қаулы орындалмаған жағдайда әрқайсыңыз жеке жауап бересіздер», – делінген құжатта.
Құжаттың мазмұны Павлодар облысы ПД ресми парақшасында теріске шығарылды. Сонымен қатар фейк бұйрық Полиция департаменті бастығының атынан таратылғандықтан, ақпараттың жалған екенін түсіндіріп, ведомство басшысы өзі бейнеүндеу жазған.
«Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен вотсап топтарында мен өз қол астымдағыларға маска режимін бұзуды анықтау бойынша қызметті жандандыру және нақты болжамдар мен жоспарлар туралы жіберген құжат таратылуда. Осы факті бойынша Сіздерге бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп сендіре аламын, ресми құжаттарда ол бізде кең таралмаған, яғни ол жалған болып табылады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша осы фэйк құжатты таратқан тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Полиция қызметкерлеріне қандай да бір міндеттер, болжамдар қойылмайды, олардың қызметінің нәтижесін жасалған хаттамалар саны бойынша немесе ұсталған адамдардың саны бойынша бағалауға тыйым салынады деп сендіргім келеді. Бүгінгі таңда мұндай міндеттер қойылмайды», – деп мәлімдеді Қайыров.
Сонымен қатар, Қайыров жалған ақпаратты тарату үшін жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
«Азаматтарға жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатыны туралы ескерткім келеді, себебі бұл қағазда менің суретім де, шығыс нөмірім де жоқ. Рахмет», – деп қорытындылады департамент бастығының міндетін атқарушы.
Естеріңізге сала кетейік, кез-келген әлеуметтік желі қолданушысы StopFake редакциясына сайттағы кері байланыс нысаны арқылы хабарласып, кез-келген жаңалықты немесе материалдың расталуына немесе жоққа шығарылуына қол жеткізе алады.