Fake News

Жазғы сатылым: тауар аламын деп алданып қалмаңыз

Маусымдық жаппай сатылым – бұл кезде киімді немесе технкианы тиімді бағамен табуға болады. Алайда, жосықсыз сатушыларға және тіпті алаяқтарға тап болу қаупі де артады. Fingramota.kz порталы олардың айла-шарғыларына қалай түспеуге және ақшаны жоғалтпай, шынымен үнемдеуге болатынын түсіндірді

 

«Маусымдық жаппай сатылым» басталмас бұрын бағаларды тексеріңіз

Жосықсыз сатушылар сатылым басталмас бұрын тауарлардың бағасын әдейі көтереді. Ал кейін бағаны бұрынғы деңгейге дейін төмендетіп, үлкен жеңілдік елесін жасайды. Нәтижесінде тауа бұрынғы бағамен сатылады. Сондықтан алданып қалмас үшін өзіңізді қызықтыратын тауарлардың бағасын алдын ала тіркеп алу маңызды.

«Баға динамикасын арнайы сервистер арқылы міндетті түрде тексеріңіз – мысалы, Google-да «Баға тарихы» бар, немесе жай ғана бағалардың скриншоттарын алдын ала сақтап алыңыз. Сондай-ақ, әртүрлі сатушылардағы бағаларды салыстырыңыз, егер жеңілдік тым жоғары болса, сақ болу керек», – деп ескертеді Fingramota.kz.

Белгіленген дедлайнға сенбеңіз

«Тауар таусылуға жақын қалды» немесе «Жеңілдік түн ортасында аяқталады» деген сөздер сізді тез арада тауар сатып алуға итермелейді. Бұл көбінесе сатып алушыларға қысым көрсету әдісі немесе алаяқтардың қулығы болып табылады. Балығын асықпай тексеріп алыңыз.

Әдетте, көптеген акциялар бір күннен артық өткізіледі – сатушыларға тауарды барынша көп сатқан жақсы. Сондықтан асықпаңыз, тауар тапшылығы сіз оны тез сатып алуыңыз үшін жасалы отыр. Бәрін асықпай тексеріп алыңыз.

 

Белгісіз брендтерге сенбеңіз

«Біз люкс компаниялардан тауар сатып алу керек деп айтпаймыз, бірақ өте белгісіз брендтер, олар үлкен жеңілдіктер ұсынса, бұл сақ болуға тұрарлық себеп. Қауіптісі, тауар бастапқыда сапасыз немесе үлкен жеңілдіктерді ескерсек те, тым жоғары бағаланған болуы мүмкін», – деп жазады Fingramota.kz.

Егер сізге жаңа бренд қызықты болса, онда әртүрлі сайтардағы пікірлерді оқып шығыңыз, әлеуметтік желілерді зерттеңіз. Адамдар пікірлерде, әдетте, нақты түсінік береді. Бірақ мұнда да абай болу керек, фейктер мен тапсырыспен жазылған пікірлерден сақтану қажет.

Жалған сайттар мен фишингтен сақтаныңыз

Алаяқтар көбінесе танымал брендтер мен маркетплейстердің «үлкен жеңілдіктері» бар сайттарының көшірмелерін жасайды. Мұндай фейк парақшалар ұсақ-түйегіне дейін көшірме болуы мүмкін, сондықтан App Store және Google Play-ден қосымшаларды жүктеп алған дұрыс – мұнда тек тексерілген нұсқалар ғана түседі, және солар арқылы жұмыс істеңіз.

Әрқашан сайттың мекен жайын тексеріңіз – атауы https:// басталуы керек, «s» әрпінің болмауы сайттың жалған екенін көрсетеді. Сондай-ақ, белгісіз сайттарда карта деректерін ешқашан енгізбеңіз. Онлайн төлемдер үшін әрдайым шағын сома болатын бөлек карта ашқан дұрыс. Барлық құрылғыларыңызда екі факторлы авторизацияны қосыңыз.

Қайтару және жеткізу шарттарын әрқашан оқыңыз

Кейбір сатушылар маңызды бөлшектерді жасыруы мүмкін. Мысалы, тауарды айырбастау және қайтару мүмкін еместігі. Кейде бұл шарттар тапсырысты ресімдеу кезінде ғана пайда болады, немесе олар мүлдем айтылмайды.

«Мұндай әрекеттер жаңылыстырады және сіздің сатып алушы ретіндегі құқықтарыңызды бұзады. Сондықтан сатып алу шарттарының скриншоттарын, әсіресе тауар сипаттамасы бар бетті, қайтару туралы ақпаратты және жеткізу құнын сақтап алыңыз. Бұл сатушы кейіннен шарттарды өзгертсе немесе қайтарудан бас тартса, дәлел болады. Бұдан басқа, Қазақстан заңнамасына сәйкес, егер тауардың сыртқы түрі мен қаптамасы сақталған болса, оны 14 күн ішінде қайтаруға болатынын есте ұстаған жөн. Іш киім, дәрі-дәрмектер, шұлық бұйымдары және т.б. бұған жатпайды. Егер сатушы тауар қайтаруға жатпайды деп мәлімдесе, онда сіз оған Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне шағым беруге толық құқылысыз», – дейді Fingramota.kz өкілдері.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button