Түркістан облысының Білім басқармасы балаларды Ленгердегі арнайы мектептен жаппай шығару туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

Бірқатар қазақстандық БАҚ-та Түркістан облысының Ленгер қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған № 2 мектеп-интернаттан оқушыларды жаппай шығарып жатыр деген ақпарат тарады. Арнайы комиссия алдын ала ескертпестен оқу орнына келіп, балаларды жалпы білім беретін мектептерге ауыстыра бастаған екен. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
Түркістан облысы бБлім басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпратқа қатысты түсініктеме берді.
«Оқушыларды оқудан шығару туралы ешқандай шешім қабылданбағанын атап өтеміз. Барлық балалар, оқу нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алуды жалғастыра алады.
Баланы жалпы білім беретін мектепке ауысу – бұл міндет емес, ата-анасының (заңды өкілдерінің) құқығы. Ол тек ата-аналардың таңдауы мен мамандардың ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) қызметі кеңес беру сипатында болады. Бұл комиссия оқу орнын жабу немесе балаларды оқудан шығару туралы шешім қабылдамайды. Комиссияның мақсаты – баланың дамуына және оның қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал ететін кәсіби ұсынымдар беру. Жылдық жоспарға сәйкес жыл сайын өткізетін диагностикалық балалардың түзелу динамикасына тексеру жүргізіледі. Оқу нысанын таңдау жөніндегі түпкілікті шешімді әрқашан ата-аналар қабылдайды», – деп хабарлады Түркістан облысы Білім басқармасының баспасөз қызметінен.
5 мамырда Білім басқармасының өкілдері мектеп ұжымымен және ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында барлық мәселелер бойынша толық ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Барлық балалар өздерінің жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, білім алуды жалғастырады», – делінген Түркістан облысы Білім басқармасының хабарламасында.