Fake News

Алаяқтар «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының атынан тез табыс табуды ұсынады

Қазнетте «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының атынан жылдам әрі оңай табыс табу туралы фейк ақпарат тарады. Қазақстандықтар жасына қарай аптасына 400 мың теңгеден кіріс ала алады екен. Бұл жалған ақпарат.

Онлайн алаяқтар мәтінмен ғана шектелмей, белгілі қазақстандық саясаттанушы Санжар Боқаев ұлттық компанияның бағдарламасы туралы айтып отырған бейнеролик жасаған. Ол жалған дауыспен дыбысталған. Санжар Бокаевтың TikTok-тағы ресми парақшасындағы ролик негізге алынған.

Биыл ақпан айындағы видеосында ол халықтың көп несие алғанын талқылайды. Алаяқтар қажетті фрагментті кесіп алып, жалған дауыспен дыбыстаған.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ресми сайтында да, Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында да аптасына 400 мың теңгеден басталатын табыс туралы хабарлама жоқ.

Алаяқтар хабарландыруда азаматтарға қандай мөлшерде төлем ала алатынын білу үшін сілтемелер арқылы өтуді ұсынады. Ақшаңызды жоғалтып алмау үшін олай жасауға болмайды. Кірісі жоғары жобаларға қатысты кез келген ақпарат тек компаниялардың ресми сайттарында және олардың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында ғана жарияланады.

Мұндай фейктер Интернетте жиі кездеседі. 2023 жылдың соңында жалған дауыспен дыбысталған видео тарады, онда Дариға Назарбаева қазақстандықтарға екі сағаттың ішінде 500 мың теңге табуға мүмкіндік беретін жоба туралы айтқан. Әрине, бұл ақпарат та жалған болып шықты.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button