Fake News

Алаяқтық: «Ұлттық компания сауалнамадан өткеніңіз үшін акция береді»

Қазнетте KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы атынан жарнама жарияланды. Сауалнамаға қатысқаны үшін әрбір қазақстандыққа компанияның 10 акциясы беріледі екен. Бұл жалған.

«KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ баспасөз қызметі онлайн хабарландыруға қатысты түсініктеме берді.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ – инвестиция тарту саласындағы ұлттық институт, оның акцияларының 100%-ы мемлекетке тиесілі, сондай-ақ компания инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективалары мен шарттарын талқылау кезінде ҚР Үкіметінің мүдделерін білдіретін бірыңғай келіссөз жүргізуші болып табылады.

KAZAKH INVEST қаржы институты, қаржы-несие жүйесіне қатысатын ұйым, банк, сақтандыру компаниясы, инвестициялық (инвестициялық компания) және зейнетақы қоры болып табылмайды.

Өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен айналыспайды, қаржы құралдарымен (ақшамен, акциялармен, облигациялармен және басқа да бағалы қағаздармен) мәмілелер жасамайды, кредиторлар мен қарыз алушылар, инвесторлар мен жинақтаушылар арасында делдал болмайды, жеке және заңды тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді және ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасамайды.

KAZAKH INVEST-тің хабарлауынша, компанияның ресми сайты – invest.gov.kz. KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясының атынан әрекет ететін басқа сайттардың барлығы алаяқтардың ісі болып табылады. Ұйымның қызметі туралы сенімді ақпарат тек ресми сайтта және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда ғана жарияланады», – делінген «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button