Fake News
Су ресурстары министрлігі Ириклин су қоймасынан көп көлемде су жіберіліп жатқаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
![](https://stopfake.kz/wp-content/uploads/2025/02/irikla1.jpg)
Әлеуметтік желіде Ириклин су қоймасынан үлкен көлемде су жіберіліп жатқаны туралы бейнежазба тарап жатыр.
Су ресурстары және ирригация министрлігі бұл видеоға қатысты түсініктеме берді.
«Бұл видеоның Ириклин су қоймасына қатысы жоқ. Бұл 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі Сергеев су қоймасының (Солтүстік Қазақстан облысы) кадрлары.
Бүгінгі таңда екі су қоймасы да штаттық режимде жұмыс істеп тұр.2025 жылғы 11 ақпанда Ириклин қоймасындағы су көлемі 2593 млн м3 (жобалық қуатының 79%), су жіберу көлемі – секундына 60 м3.
2025 жылғы 11 ақпанда Сергеев су қоймасында (ҚР Солтүстік Қазақстан облысы) 695,4 млн м3 су бар, су жіберу көлемі – секундына 18,3 м3», — делінген ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми хабарламасында.