Fake News

Қазнетте бос жұмыс орны туралы жалған забарландырулар таралуда

Instagram әлеуметтік желісінде мәтін теруші қажет екендігі туралы хабарландыру тағы да тарады. Мәтін теріп, қомақты қаржы табуға болады екен. Кейбір хабарландырулар «Қазақстан кітапханасы» атынан шыққан. Бұл алаяқтардың ісі.

Біздің елде «Қазақстан кітапханасы» жоқ. Бұл алаяқтар өз мақсатында пайдалану үшін ойдан шығарған атау.

«Мәтін теруші» бос жұмыс орны туралы интернетте көптен бері жазылып келеді. Кандидаттарға аз ғана талап қойылады: компьютерде жұмыс істей білу және бос уақыттың болуы. Жұмыс кестесі икемді, ал төленетін ақы тартымды көрінеді.

Мәтін тергені үшін ақы төлейтін уақыт келгенде, алаяқтар алдымен аз мөлшерде ақша аударуды сұрайды. Бұл тәуекелдерді болдырмау үшін алынатын «сақтандыру салымы» болып саналады. Ал ақшаны алған соң олар байланысқа шықпай қояды.

Бос жұмыс орны туралы жалған хабарландыруға тап болғаныңызды қалай түсінесіз:

– жұмысқа орналасу үшін «сақтандыру» төлеу керек;

– әңгімелесу өткізілмейді, ешкім еңбек шартын жасамайды;

– төлем жасалғаннан кейін жұмыс берушімен байланыс тоқтатылады.

Мұндай оқиғалар туралы қазақстандық және ресейлік БАҚ егжей-тегжейлі жазған. Біздің портал да мәтін терумен байланысты жалған бос жұмыс орындары туралы ескерткен.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button