Fake News

Фейк: «Вакцинацияланғандар арасында жүрек-қан тамырлары ауруларының болу қаупі 13 200%-ға артты»

Telegram чаттарында пайдаланушылар COVID-19-ға қарсы егілген адамдар арасында жүрек-қан тамырлары ауруларының болу қаупі 13 200%-ға өсті деп жазуда. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мен Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасының мамандары осындай қорытындыға келген екен. Бұл жалған.

Аурулардың алдын алуды бақылау орталығының ресми сайтында жүрек-қан тамырлары аурулары туралы толық ақпарат ұсынылған. Сонымен қатар порталда сырқаттанушылық бойынша жаңа деректер орналастырылған, онда COVID-19-ға қарсы егілген адамдар басқаларға қарағанда осындай ауруларға әлдеқайда бейім екендігі туралы жазылмаған.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасының порталында да вакцинацияланған адамдардың жүрек-қан тамырлары ауруларынан мыңдаған есе көп зардап шегетінін дәлелдеген зерттеу туралы ештеңе айтылмаған. 

Желіде аталған екі ведомствоның 2023 жылы жүрек-қан тамырлары аурулары және олардың COVID-19 қарсы вакцинациямен байланысы туралы зерттеулер жүргізгені туралы ақпарат жоқ.

Алайда, ғылыми журналдарда мұндай жаңа зерттеулер бар.

Мысалы, BMJ журналында мРНҚ препаратын егу салдарынан миокардиттің болуы сирек кездесетіні, сондай-ақ көп жағдайда бұл асқыну жеңіл өтіп, сәтті емделетінін дәлеледйтін еңбек жарияланды. Ал вакцинаның бірінші және екінші дозасын алудың арасындағы уақыт аралығын сәл ұлғайту арқылы оны болдырмауға да болады.

European Heart Journal Supplements журналында 2023 жылғы ақпан айында жүрек-қан тамырлары аурулары, COVID-19 және осы ауруға қарсы вакциналар арасындағы байланыс туралы зерттеулерге шолу жасалды. Авторлар белгіленген тақырыптағы 49 мақаланы талдаған. COVID-19 ауруы миокардит, перикардит, тіпті инфаркт сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін айтарлықтай арттырады деген қорытынды жасалды. Сонымен қатар бұл ауруға қарсы вакциналар жүрек ұстамасына, әкелмейді, ал оларды қолдану салдарынан болатын миокардит өте сирек кездеседі.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, біріншіден, вакцинацияланған адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларының болу қаупі 13 200%-ға артатынын дәлелдейтін зерттеулер жоқ. Екіншіден, нақты ғылыми жұмыстар вакцинацияланған адамдар арасында жүрек-қан тамырлары ауруларының болу қаупі вакцина алмағандарға қарағанда жоғары емес, сондай-ақ егілмеген және COVID-19-бен ауырғандармен салыстырғанда әлдеқайда төмен екенін дәлелдейді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button