Fake News
Еңбек министрлігі кеңес дәуіріндегі құжаттарды сақтағаны үшін бонус берілетіні туралы хабарламаға қатысты түсініктеме берді
Қазнетте КСРО дәуіріндегі құжат бейнеленген хабарлама тарады. Мұндай құжаттары бар азаматтар көп бонус ала алады екен.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Барлық әлеуметтік төлемдер ҚР Әлеуметтік кодексімен реттелген. Мұндай төлем түрі жоқ!
Азаматтарды тек сенімді дереккөзден тараған ақпаратқа ғана сенуге және алаяқтардың арандатуына берілмеуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланады», – деп ескертеді ведомство өкілдері.