Fake News

Жалған: «2030 жылға қарай интернетке тек адам денесінің көмегімен ғана қосылуға болады»

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 2030 жылға қарай пайдаланушылар Интернетке тек өз денесінің көмегімен ғана кіре алады. «Интернет денелері» COVID-19 қарсы вакциналармен және наноботтармен байланысты екен. Бұл фейк.

1999 жылы «Заттар интернеті» термині пайда болды. Яғни, компьютерлік желі арқылы әр түрлі құрылғылар арасында деректер берілуі мүмкін. Адам құрылғыларың параметрлерін орнатады және олар өздігінен жұмыс істейді. Құрылғылар бір-біріне Wi-Fi және Bluetooth арқылы қосылады. Мәселен, мысалы, «ақылды үй» жүйесі осылай жұмыс істейді.

2016 жылы «денелер интернеті» (IoB) жаңа термині пайда болды. Бұл түсінікті профессор Андреа М.Матвишині енгізген.

Ол оны былай сипаттайды: «Тұтастығы мен функционалдығы Интернетке және жасанды интеллекті сияқты байланысты технологияларға тәуелді (ішінара болсын) адам денелерінің желісі».

Матвишин құрылғының интеграция деңгейіне байланысты IoB-тың 3 санатын белгілеген.

Сыртқы құрылғылар. Оған сымсыз құлаққаптар, ақылды сағаттар, фитнес-трекерлер жатады. Сонымен қатар, виртуалды шындық көзілдірігі. Девайс камера функцияларын орындайды, экранды көрсетеді және құлаққап арқылы дыбыс жібере алады.

Ішкі құрылғылар. Бұл ретте олар медицина саласына енгізіп жатыр, бұл дәрігерлердің белгілі бір манипуляциялар жасауға арналған имплантаттар мен медициналық жабдықтар. Импланттарға кардиостимуляторлар мен ақылды протездерді де жатқызуға болады. Капсулалық эндоскопия туралы көбі естіген шығар, оның көмегімен дәрігерлер аш ішек пен тоқ ішекке зерттеу жүргізеді. Процедурадан өту үшін пациент капсуланы камерамен жұтуы керек.

Денеге енгізіліп, интернетпен нақты уақыт режимінде байланысын сақтайтын құрылғылар. Мысал келтірсек, – Илон Маск компаниясының Neuralink чиптері. Олар сал ауруына шалдыққан науқастарға компьютер сияқты сыртқы құрылғыларды ой күшімен басқаруға көмектеседі.

Постқа иллюстрация ретінде Пердью инженерлік колледжінің сайтынан алынған сурет қолданылған. Оның ғалымдары C-IoB ғылыми-зерттеу орталығының сарапшыларымен бірлесе отырып, «денелер интернетіне» қатысты барлық аспектілерді зерттеген. Басты мақсат – өмір сүру мүмкіндіктерін кеңейту үшін адам ағзасына арналған электроникаға пәнаралық инновациялар енгізу.

Сонымен қатар, ғалымдар болашақта туындауы мүмкін этикалық және әлеуметтік қауіптер туралы айтады. Бұл деректердің таралуы, интернетке қосылған электрондық құрылғыларды пайдалану кезінде құпиялылықтың бұзылуы. Инновациялық медициналық технологиялар құнының жоғары болуы халықтың кейбір топтарына ауыр тимек.

Қалай болғанда да, «денелер интернеті» коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен де, миниатюралық роботтармен де байланысты емес. Халықты иммундау деп алдап, чиптеу жүргізілген жоқ. «Денелер интернеті» термині адамның өмірін жайлы ететін заманауи инновациялық технологияларды сипаттайды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button