Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі танымал мессенджерлерде агенттік қызметкерлері мен басшылығының атынан видео таратқан бейтаныс нөмірлерді елемеуге шақырады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді.
Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз.
Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.