Fake News

Фейк: «Глисон картасы – Жер планетасының жалғыз дұрыс картасы»

Танымал Telegram арналарының бірінде Александр Глисонның картасы планетамыздың жалғыз дұрыс картасы деген болжам айтылды. Жарияланым авторы картаның екі жағындағы «ғылыми тұрғыдан дұрыс» және «іс жүзінде дұрыс» деген жазулар осының дәлелі деп санайды. Бірақ дәлелдер аз, солай ма?

1890 жылы Александр Глисон «Көктен түскен Киелі кітап? Жер шар тәрізді ме?» деп аталатын кітап жазған. Онда карта туралы алғаш рет айтылады. Глисон Жердің тегіс екендігіне көп дәлел келтіреді.

Карта 1892 жылы 15 қарашада шыққан. 1893 жылы мамырда Александр Глисон оны «жаңа стандартты әлем картасын ойлап табу» деп патенттеді. Өнертапқыш үшін ең бастысы бүкіл әлем бойынша индикаторды қадағалап, бойлық пен уақытты есептеуге болатындығын көрсету болды.

Шынында да, Глисон оны «as it is» және «scientifically and practically correct» деп атаған. Яғни, «сол күйінде» және «ғылыми және практикалық дұрыс» әлем картасы.

Глисон тегіс жер теориясын жақтайды. Ол Жер бетінің ортасына Солтүстік мұзды мұхитты орналастырған. Оның ойынша, әлемнің ең орталық нүктесі – Солтүстік полюс. Картада Оңтүстік полюс жоқ. Өйткені, Глисон планетаны тегіс деп санаған. Бұл ретте Антарктида континенті Жерді дөңгелекпен қоршаған.

Патентке өтініш берген кезде ғана Александр Глисон картаның Глобус түріндегі Жер картасынан алынғанын атап көрсетті. Мұны «Рейтер» фактчекердік порталы растады.

Журналистер Глисонның жазбаларынан мынаны тапты: «Жер шары картасынан картаны алу негізінен меридиан сызықтарын түзетуден тұрады, бұл олардың әрқайсысына бастапқы мәнін Гринвичтен, экватордан екі полюске дейін сақтауға мүмкіндік береді». Сондай – ақ, картаның артқы жағында Глисон былай деп жазған: «Демонстрация кез келген мәселеге қатысты: Жер – бұл глобус немесе жазықтық – өзіңіз таңдаңыз».

Жер тегіс деген теориялар XIX ғасырда айтыла бастады. Бірақ олардың бәріне әлі күнге дейін бірде-бір ғылыми дәлел жоқ.

Александр Глисон картасы Жердің жалғыз дұрыс картасы деп айта алмаймыз. Бұл глобустың тегіс бетке түсірілген проекциясы. Мұны өнертапқыштың өзі картаға патентке өтініш берген кезде мойындады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button