Fake News

Билл Гейтс өз балаларын вакцинациялаудан бас тартты – фейк

Пайдаланушылар Билл Гейтстің балаларына мүлдем екпе жасалмағандығы туралы фейк хабарламаны талқылауда. Бұл туралы құпия «жабық симпозиумда» отбасының «жеке дәрігері» мәлімдепті.


Билл және Мелинда Гейтстің үш баласы бар: Дженнифер Катарин Гейтс – 1996 жылы, Рори Джон Гейтс – 1999 жылы және Фиби Адель Гейтс – 2002 жылы туған.
Майкрософттың негізін қалаушы балаларын вакцинациялаудан бас тартты деген фейк ақпарат 1990 жылдары симпозиумда Гейтстің «жеке дәрігерінің» жасаған мәлімдемесіне негізделген, шараның нақты қай күні өткені белгісіз. Мұндай күмәнді мәліметтерге сүйенгеннің өзінде, жұмбақ дәрігердің Гейтстің барлық баласы туралы айтпағаны анық – Фиби Адель әлі дүниеге келмеген, ал Рори Джон бір жасқа толмаған еді.
2019 жылы миллиардердің зайыбы Мелинда Гейтс Facebook-тегі парақшасында балаларына барлық қажетті екпелерді жасатқанын жазып, қауесетті жоққа шығарды.
– Менің үш балама да екпелер толық жасалды. Вакциналардың әсері бар. Екпе жасататын адамдар неғұрлым аз болса, соғұрлым ауруларға көп шалдығамыз, – деп жазды ол.
Бұл ақпарат алғаш рет Интернеттің ағылшын тілді сегментінде 2018 жылы жарияланғанына қарамастан, ол әлі де «қызу» пікірталас тудырып отыр. Ал COVID-19 пандемиясы кезінде кеңінен тарала бастады.
Гейтстің өз балаларын вакцинациялаудан бас тартқаны туралы хабарлама алғаш рет қазір NewsPunch атауымен белгілі YourNewsWire сайтында шыққан.
Материалдың авторы Дмитрий Бакстер, ол 2018 жылы жалған ақпарат таратқаны үшін ұсталған.
Бүгінде Гейтстің балаларын вакцинациялау туралы жалған хабарлама жойылды.

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button