Қазнетте «ҚазМұнайГаз» атынан төленетін төлемдер туралы фейк жарнама тарады
Instagram-да «ҚазМұнайГаз» қазақстандықтарға өтемақы төлей бастағаны туралы хабарлама тарады. Әрбір тұрғынға 208 мың теңге беріледі екен. Төлемді алу үшін күмәнді сілтеме бойынша өтіп, жеке деректерді жазу керек. Бұл интернет қылмыскерлердің ісі.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі жалған жарнамаға қатысты түсініктеме берді.
«ҚазМұнайГаз» қазақстандықтарды Интернет желісінде сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге шақырады.
Төлем жарнамасы – фейк.
Ұсынылған инвестициялық мүмкіндіктердің немесе басқа ұсыныстардың дұрыстығына сенімді болу үшін әрқашан ресми сайт және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар сияқты ақпарат көздерін тексеру маңызды.
«ҚазМұнайГаз» kmg.kz бір ғана ресми сайты бар екенін ресми түрде мәлімдейді. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының атынан әрекет ететін барлық басқа сайттар алаяқтық болып табылады», – деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.