Fake NewsАлаяқтық

Алаяқтар Марғұлан Сейсембаевтың қатысуымен жалған видео таратуда

Қазнетте танымал қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембевтың фейк видеосы тарады. Киберқылмыскерлер алаяқ брокерлерден зардап шеккен қазақстандықтарға ақшаларын қайтарып береміз дейді. Ол үшін инвестор арнайы адвокаттар тобын құрған. Алданған қазақстандықтар тек өтінім жазып, қоңырауды күтуге тиіс. Бірақ бұл ақпаратқа сенбеген жөн. Бұл тағы бір дипфейк.

 

 

Марғұлан Сейсембаев Margulan.info білім беру платформасының негізін қалаушы, қоғам қайраткері, меценат және филантроп. YouTube платформасында кәсіпкердің жеке арнасы бар. Алаяқтар видеоны сол жерден алып, өз мақсаттарында пайдаланған.

Біздің сайт дипфейктердің онлайн-детекторының көмегімен роликтің түпнұсқалығын тексерді. Нәтиже – видео жалған. Алаяқтар Марғұлан Сейсембаевтың арнасындағы роликті қайта дыбыстаған.

Қазақстандықтарға өтінім жазу үшін сайтқа кіріп, жеке деректерін қалдыру ұсынылады. Пайдаланушы сілтеме арқылы елордалық «Вектор» заң компаниясының платформасына өтеді. Қаржылық алаяқтықпен айналысатын бұл фирманы 2023 жылы Vklader.com сайты тексерген. Қорытындыға сүйенсек, «Вектор» жалған фирмасы сайттың атауын, мекен жайы деректері мен деректемелерін үнемі өзгертіп отырады. Өзгермейтін бір ғана нәрсе – платформа пайда табу үшін азаматтарды алдау үшін пайдаланылады.

Былтыр Желіде Марғұлан Сейсембаевтың осындай жалған жарнамасы тараған болатын. Оны «24.kz» жаңалықтар арнасы өзінің ресми сайтында жоққа шығарды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button