Fake News

Қазнетте Аида Балаеваның атынан жалған жарнама таралуда

Әлеуметтік желілерде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның суретімен жалған жарнама таратылуда. Мәтінде Мемлекет басшысы қазақстандықтарға төлемдер тағайындауды тапсырғаны айтылған. Бұл фейк.

Жалған жарнаманы таратушылар күмәнді сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Қандай сома тағайындалғанын білу үшін адам жеке тұлғаның бірегей нөмірін (ЖСН) енгізуге тиіс. Белгісіз сайттарда жеке деректерді қалдырмаған жөн. Алаяқтар оларды жеке мақсатта пайдаланады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайтында төлемдер туралы ақпарат болмаған және жоқ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі де барлық жаңалықтарды ресми порталда жариялайды. Онда да төлемдер туралы ақпарат жоқ.

Мұндай хабарламаға сенбеген жөн. Бұл алаяқтардың ісі. Бұған дейін Желіде ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық қордың атынан төленетін төлемдер туралы осындай фейк ақпараттар тараған болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button