Конспирология

Фейк: «Давостағы ДЭФ кездесуінде қатысушыларды зомбиге айналдыратын сиқырлы рәсім өткізілді»

Желіде бақсылық рәсім көрсетілген видео жарияланды. Ол Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум кезінде жасалған. Хабарламада бұл рәсімнен кейін ДЭФ қатысушылары зомбиге айналып, жындармен қашықтан басқарылатын болады делінген. Бұл жалған.


Давоста өткізілген ерекше рәсім көптеген шетелдік пайдаланушылардың әлеуметтік желілеріне тарады.  Қаңтар айында ДЭФ-2024 сияқты маңызды кездесуде өткен салттық рәсімді талқылауға қазақстандықтар да қосылды.
Бақсы «Климат және табиғат: жүйелі жауап қажет» пленарлық отырысына келген. Ол яванава тайпасының өкілі. Бұл Бразилия, Боливия және Перудің байырғы халықтарының бірі. Кездесуде ол планетаны сауықтыруға және рухани оңалтуға бағытталған «Жер-Ана естіді» рәсімін орындау арқылы табиғаттың «дауысын» жеткізген. Оның айтуынша, бәрі бір ой төңірегінде біріккенде, Жер-Ана естиді. Іс-шара жүргізушісі атап өткендей, болашақты көру үшін өткенге үңіліп, ата-бабаларымыздың қалауы не болғанын түсінуіміз керек.
ДЭФ ресми түрде белгілі бір дінді ұстанбайды. Жыл сайынғы кездесулерге әртүрлі діни конфессиялардың өкілдері қатысады.

Бақсы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысушыларды біреулер басқара алатындай дуалаған жоқ. Ол бейбітшілікке және Жерді жағымсыз әсерлерден құтқару үшін бірігуге шақырды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button