Fake News

Дәлелсіз: «Фтор ерікті басады және ойлау процесін нашарлатады»

Instagram қолданушысы фтор психикалық процестерге теріс әсер етеді және ерік-жігерді басады деп жазды. Фторланған пасталарды насихаттайтыны да сондықтан. Шындығында, бұл тұжырым ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген.


Тісжегінің алдын алу үшін фтордың қажеттілігіне күмән келтіретін адамдар оның қасиеттері туралы білмейді. Шындығында, тіс пасталарында таза фтор жоқ. Бұл химиялық зат – өткір иісі бар газ. Фтор адамдар үшін қауіпті.
Ал фторид – бұл басқа зат. Бұл фтор мен басқа элементтің пайдалы қосылыстары. Мысалы, натрий фториді. Оны тісжегінің алдын алу құралдарына – тіс пастасына, ауызды шаюға арналған заттарға, сондай-ақ ауыз суға қосады. Фторды фторидпен теңестірген дұрыс емес. Бұл улы газ – хлор мен жай ас тұзы – натрий хлоридін салыстырғанмен бірдей.
Күн сайын тістердің сыртқы қорғанысы – эмаль қышқылдардың әсеріне түседі. Олар қант, бактериялар және тістік өңездерден ауызда пайда болады. Яғни, адам минералдарды жоғалтады. Бұл процесті ғалымдар минералсыздану деп атайды. Көптеген минералдар, соның ішінде фторидтер эмальды қорғайды және қышқылға төзімді етеді. Ал минералдар ағзаға су арқылы немесе құрамы белгілі стоматологиялық өнімдерді пайдаланған кезде түссе реминерализация жүреді. Яғни қалпына келу процесі болады.
Фторид бүкіл әлемде тісжегінің алдын алу үшін қолданылады. Оның тиімділігін көптеген ғылыми зерттеулер растады.
2021 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы негізгі дәрі-дәрмектер тізіміне фторидтер кіретін жаңа стоматологиялық топты енгізді.
ADA белгісі бар стоматологиялық өнімдер тиімді және қауіпсіз болып саналады. ADA белгісі бар барлық тіс пасталарында фтор болуы керек.
Еуропалық балалар стоматология академиясының (EAPD) хабарлауынша, соңғы 40 жылда тісжегінің болу жағдайлары азайған. Негізгі себептердің бірі – бұл фторидті тіс пасталарын қолдану.
Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі өз ұсыныстарында тісті күніне 2 рет фторланған тіс пастасымен тазалау қажет екенін атап өтеді. Ведомствоның есептерінде фтордың уыттылығына байланысты жағдайлар туралы жазылған. Бірақ бұл адамдар тісін күніне 6-18 рет тазалайтын жағдайларға қатысты. 
Тіс пасталарындағы фтордың балалардың немесе ересектердің ойлау процесіне теріс әсер ететініне, сондай-ақ ерік-жігерді тежейтініне ғылыми дәлел жоқ. Стоматологиялық өнімдердегі фтор эмальды қорғайды және тісжегіге қарсы жақсы профилактикалық құрал болып табылады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button