Алаяқтық

Қазақстандықтарға 100 мың теңге және одан артық мөлшерде төленетіні туралы ақпарат – фейк

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға 100 мың теңге және одан артық мөлшерде өтемақы төленетіні туралы ақпарат тарады. Бұл төлемдер төлеу туралы жаңа қаулы екен. Мұндай хабарламалар фейк болып табылады.

Осындай хабарландырулардың бірінде қазақстандықтарға ТАҚ ҚРӨО (Төленбеген ақшалай қаражатты қайтарудың ресми өтемақы орталығы) деп аталатын сайтта ЖСН-нін жазу ұсынылады. Сайтқа кірушілер жеке және банктік деректер жазылатын хабарламаны толтыруға тиіс. 2020 жылы да Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға төленген ҚҚС сомасы қайтарылатыны туралы осындай хабарлама тараған болатын. Алаяқтық схема қазір қолданылып жатқанға ұқсас болды. Ол кезде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарған еді.

Өтемақы төлеу туралы тараған кейбір хабарламаларда алаяқтар сенімдірек болуы үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдаланған.

Мемлекет басшысының сайтында төлемдер туралы ақпарат жоқ. ҚР Парламентінің сайтында да мұндай жаңалықтар жоқ. 

Бірде-бір ресми және беделді ақпарат көзі өтемақы туралы хабарлаған жоқ. Демек, Желіде тараған төлемдер туралы ақпарат жалған. Алаяқтардың айласына алданып қалмау үшін күмәнді сайттарда жеке мәліметтерді жазбаңыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button