Фейк: «Нанотехнологиялар адамдарды әлемдік корпорациялардың құлына айналдырады»
Әлеуметтік желілерде халықты чиптеу туралы видеолар таратылуда. Онда жақын арада адамдарды интернет пен цифрлық қаржы жүйесінің бір бөлігіне айналдыратын нанотехнологиялар туралы айтылады. Бұл адамзатты жаһандық корпорацияның құлына айналдыруға мүмкіндік береді екен. Бұл фейк.
Видео көптеген қастандық теорияларынан құрастырылған. Олардың ішіндегі ең танымалы – адамдарды чиптеу. Ол СOVID-19 пандемиясы кезінде кеңінен таралды. Адамдарды чиптерді вакциналармен бірге ағзаға енгізеді деп қорқытты.
Бүгінгі таңда ғалымдар чиптер енгізеді, бірақ адамдарға емес, жануарларға. Кореяда ғалымдар тышқандарға тәжірибе жүргізуде. Осылайша, болашақта адамдардағы психикалық бұзылуларды, тәуелділікті, депрессияны тез емдеуге көмектесетін жаңа технологиялар зерттеледі.
Биыл қыркүйекте Илон Масктың Neuralink компаниясы чипті миға енгізу бойынша клиникалық сынақтарға қатысуға дайын қызметкерлер мен адамдарды жалдай бастады. Бұған дейін кәсіпкер мұндай зерттеулердің не үшін қажет екенін түсіндірген болатын. Имплантация мүмкіндігі шектеулі адамдарға қозғалу қабілетін қалпына келтіруге көмектеспек. Сондай-ақ ол бассүйек-ми жарақаттарын емдеуге немесе жеңілдетуге бағытталған. Сал ауруына шалдыққандар миы мен оған енгізілген чиптің көмегімен компьютерде жұмыс істей алады немесе ұялы телефонды қолданады.
Видеодағы қыз кванттық нүктесі бар таңба түріндегі чип туралы айтады. Бұл әскерилер сарбаздардың денсаулығын бақылау үшін жасаған датчик болар. Оны 2016 жылы Profusa компаниясы әзірлеген. АҚШ Қорғаныс министрлігінің Перспективті зерттеу жобалары агенттігінің байланыс коммуникациялар бөлімінің бастығы Джаред Адамс түсіндіргендей, бұл адамды интернетке қосатын чип емес. Оның электр бөліктері жоқ, контактілі линзаларда ұқсас материал қолданылады. Датчиктер ағзадағы глюкозаны, оттегін және басқа компоненттерді бақылайды. Олардың артуына немесе азаюына байланысты адамның ауырғанын немесе ауырмағанын түсінуге болады.
Сондай-ақ, хабарламада адамдарды гидрогельді қолданатын биотехнология арқылы интернетке қосады деген болжам айтылады. Бұл ылғалды сіңіретін полимер материал. Гидрогельді 1960 жылы химиктер Отто Вихтерле мен Драгослав Лим жасаған. Ал терминнің өзі 1894 жылы пайда болған. Алдымен коллоидты гель осылай аталды. Гидрогельді қолдану аясы кең. Ол тамақ, медицина және басқа да көптеген салаларда пайдаланады. Оның негізінде жасалған микрофлюидті чиптер де бар/ Бұл құрылғы микроскоптағы слазаттық шыныға ұқсайды. Чип зерттеу үшін сұйықтық қажет болған кезде қажет.
Видеода адамдар ГМА-өнімдеріне айналады делінген. Автор бұған ешқандай дәлел келтірмейді. Ол мұны денсаулыққа зиянды ГМА-өнімдеріне ұқсатып отырған болар. Бұл мифті көптеген ғалымдар әшкерелеген. 2019 жылы Квинсленд университетінің өсімдік шаруашылығы бойынша директор, профессор Ян Годвиннің «Жеуге болатындай жақсы ма?» деген басылымы шығады. Автор ГМА азық-түлік өнімдері туралы былай дейді: олар біздің үстелге қалай түседі, зерттеу зертханаларынан бастап қандай кезеңдерден өтеді.
Демек, таралған видео адамның қиялын пайдалану және дәлелденбеген, ғылымға қарсы және конспирологиялық идеяларды қайталау арқылы көрермендер мен тыңдаушыларды қорқыту әрекеті болып табылады.