Fake News

Дәлелсіз: «Алаяқтар жеткізу туралы хабарлама мен телефон нөмірін қалдырады»

Қазақстандықтар WhatsApp-та пошта жәшіктерінен табылған хабарламаның суретін таратуда. Бұл алдаудың жаңа түрі екен. Оған сенбеген жөн.

Бұл хабарлама Қазақстанға Ресейден келді. Нақтырақ айтсақ, мұндай ескертулер өткен аптада Удмуртия пайдаланушыларының арасында тараған.

Ақпаратта фейктің белгілері бар, онда нақты ақпарат ұсынылмаған.  Желіден іздегенде фотосуретте көрсетілген телефон нөмірінің Башқұртстанда тіркелгені анықталды. Бірақ мұндай хабарлама арқылы жасалған алаяқтық фактілері тіркелмеген. Ол туралы барлық ескертулерде мессенджерде тараған ақпараттың мәтіні ғана қайталанады.

Ресейлік «Сердитый гражданин» сайтында мәтіні ұқсас 2017 жылғы хабарлама табылды: «Назар аударыңыз! Жеткізушілер келді. Сіз үйде болмадыңыз, мына нөмірге қоңырау шалуыңызды сұраймыз». Онда басқа телефон нөмірі көрсетілген. Автордың айтуынша, хабарламаны коллекторлар қалдырған.

Демек, таралған ақпарат шын екендігі расталмаған вирустық хабарлама болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button