Фейк: «2007 жылдан бастап барлық елдердің заңдары жойылды»
Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда 2007 жылдан бастап әлемнің барлық елдеріндегі заңдар күші жойып, қазір Жер шары аумағында теңіз құқығы қоданылады деп жазылды. Бұл өтірік.
Хабарламада теңіз құқығына сәйкес барлық елдерді жеке фирмалар деп танылды және бірде-бір мемлекеттік құжаттың күші жоқ делінген.
Мұндай риторика, соның ішінде теңіз құқығы, заңдардың күшін жою және жеке фирмалар болып табылатын елдер туралы пікірлер суверен тірі адамдар қозғалысын жақтаушыларға тән. Олар барлық адамдар әдепкі бойынша өлі болып саналады және заң жүзінде өзіңді тірі деп тану үшін ресми түрде осылай жария ету керек дегенге сенеді. Ал өзін тірі деп жариялағаннан кейін адамдар заңдарға бағынбайды, салық төлемейді, несиелік қарыздары мен басқа да төлемдерді төлемейді.
Бұл идеялар АҚШ-та пайда болды. Тірі суверен адамдар қозғалысы Еуропа мен Ресейде де бар, содан кейін Қазақстанға келді. Ресейлік идеяны жақтаушылар да, енді қазақстандықтар да КСРО-ның бар екеніне сенеді. Олар Одақ әлі бар, ал оның аумағында құрылған мемлекеттер заңсыз деп санайды.
2007 жылы барлық елдердің заңдары жойылды деген пікір ойдан шығарылған. Бұған тікелей де, жанама да дәлел жоқ. Әлемнің барлық елдерінде соттар жұмыс істейді, іс жүргізу бар, бюджет бөлінеді және қолданыстағы заңнамалық базасыз орындау мүмкін болмайтын басқа да істер жүзеге асырылады.
Хабарламада жазылған теңіз құқығы – БҰҰ-ның Теңіз құқығы туралы конвенция. Ол 1982 жылы қабылданды. Оның мәтіні онлайн қолжетімді. Бұл бірлескен және егеменді теңіз жер қойнауын пайдалану тәртібі мен жауапкершіліктің аражігін ажыратуды айқындайтын халықаралық келісім. Онда тірі суверен адамдардың идеяларын немесе олар насихаттайтын тезистерді растайтын ештеңе жоқ.
Демек, таралған хабарлама жалған. Онда келтірілген тұжырымдар қастандық теориясынан алынған және дәлелсіз.