Fake News

Фейк: «Израильдің улы «парацетамолы» қазақстандық нарыққа шығарылды»

WhatsApp-та Израильде шығарылған қауіпті «парацетамол» туралы ақпараттар топтамасы тарады. Препарат аса қауіпті және белгісіз жолмен қазақстандық дәріханаларға түскен екен. Бұл жалған.

Қауіпті «парацетамол» туралы хабарламалар – ескі фейк. Оны пайдаланушылар 2019 және 2020 жылдары таратқан.

Ол кезде таратылым жалған деп танылған болатын. Себебі, хабарламаға тіркелген препарат Израильде емес, Үндістанда шығарылған. Оны дәрі-дәрмектің қаптамасында жазылған өндіруші компанияның Apex деген атауынан түсінуге болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазнетте «қауіпті» парацетамол туралы хабарламалар тараған болатын. Ол кезде пайдаланушылар таблеткаларда өлімге әкелетін «Мачупо» вирусы бар деп айтқан. ҚР Фармация комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарып, елімізде ақпаратта сипатталған таблеткалар жоқ деп мәлімдеді.

Олай болса, қазақстандық дәріханаларға түскен қызуды түсіретін аса қауіпті дәрмек туралы хабарлама – ескі фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button