Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцинация сертификаттарында 5G кіру кодтары көрсетілген»

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адам өзінің COVID-19 қарсы вакцинация сертификатын көрсетеді. Құжатта 5G желілеріне кіру коды көрсетілген. Мұның бәрі өтірік.

Видеода көрсетілген құжат итальян тілінде жазылған. Сертификаттағы 5G белгісі codice AIC/MAH code деп аталатын бағанда көрсетілген. Желіден іздеп, қарағанда Италияда берілетін түпнұсқа вакцинация сертификаттарында мұндай баған бар екені анықталды.

Бірақ, онда 5G белгісі жоқ.  Бөлімде италиялық дәрі-дәрмек агенттігі тағайындаған дәрі-дәрмек коды көрсетілген. Елде мақұлданған дәрі-дәрмектердің барлығында осындай кодтар бар. Pfizer вакцинасының осындай коды мынадай: 049269018.

Бұл кодтың 5G желілеріне ешқандай қатысы жоқ және вакцинацияланған адам Интернетке гаджеттерсіз қосыла алмайды.

Демек, құжаттағы 5G жазуы жалған. Оны кейін видео түсіру үшін қосқан.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button