Медициналық фейктер

Фейк: «Бадамша бездеріндегі тығындар мидан у шығарудың нәтижесі»

Әлеуметтік желі қолданушылары ерекше теорияны алға тартып отыр. Олардың айтуынша, адамдардың бадамша бездеріндегі тығындар мидан улы заттар шығарудың нәтижесінде пайда болады және сүйек пен тістен кальцийді шайып тастайды. Бұл ғылымға қарсы.

Шын мәнінде, бадамша бездердегі тығындардың немесе тонзиллолиттердің және олардың пайда болуының кальцийдің сүйектен шайылып кетуіне немесе улы заттармен улануға қатысы жоқ.

Тонзиллолиттер – бұл бадамша бездердің ішіндегі криптикалық жолдарда пайда болатын тағамның, қабыршақтанған эпителийдің және бактериялардың қатқан қалдықтары. Мұндай тығындардың пайда болуы бірнеше рет тамақ ауруы және жоғарғы тыныс жолдарының басқа ауруларынан кейін пайда болған патология немесе бадамша бездердің құрылымына байланысты физиологиялық жағдай болуы ықтимал.

Дәрігерлер қабыну процестерінің дамуын болдырмау үшін тонзиллиттерді алып тастауды ұсынады. Олардың пайда болуын болдырмау үшін тамақ ауруын мұқият емдеу, ауыз қуысының гигиенасын сақтау және басқа адамдардың тіс щеткаларын қолданбау керек.

Улану мен тонзиллолиттің түзілуінің арасындағы байланыс ғылыми дәлелденбеген. Бұл теория – видео авторының қиялының жемісі және видеодағы ақпаратқа сенбеген жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button