Фейк: «Тіс пастасында қатерлі ісік тудыратын және эмальді кетіретін қауіпті у бар»
Instagram-да тіс пастасындағы қауіпті зат туралы видео талқылануда. Ол тіс эмалін күйдіріп, қатерлі ісік тудырады екен. Бұл рас па, тексерейік.
Тараған постта E171 тағамдық қоспасы деп те аталатын титан диоксиді туралы айтылған. Ол тамақ, косметика және басқа да жеңіл өнеркәсіптерде кеңінен қолданылады. Титан диоксиді заттарға ақ түс береді. Мәселен, оны ақ кондитерлік кремдер мен помадаларға, ақ кәмпиттерге, косметикалық өнімдерге және тіс пастасына қосады. Әлеуметтік желілерде титан диоксиді қауіпті және оны қолдануға болмайды деп бірнеше рет жазылды. Пайдаланушылардың пікірінше, бұл зат бет маскаларының, кәмпиттердің және гигиеналық тампондардың құрамында қатерлі ісік тудырады. Бұл болжамдардың ешқайсысы расталған жоқ. Е171 канцерогенділігіне нақты ғылыми дәлелдер табылған жоқ.
2022 жылдың жазында ЕО елдерінде титан диоксидін тағамға қосуға тыйым салынып, ол канцероген деп танылды. Комиссияға негіз болған ғылыми зерттеу қоспаның адамдарда қатерлі ісік тудыратынын тікелей дәлелдеген жоқ.
Кейін сол жылдың қараша айында Еуропалық сот бұл шешімнің күшін жойып, титан диоксиді рұқсат етілген тағамдық қоспалар тізіміне қайта енгізілді. Судьялар өздерінің үкімін қоспаны канцероген деп тану туралы алғашқы шешім сөзсіз ғылыми дәлелдер келтірмеген сенімсіз зерттеуге негізделгенін айтты.
Тіс пастасындағы титан диоксиді канцероген болып мүлдем саналмаған және әлемнің қандай да бір елінде тыйым салынған зат ретінде танылған жоқ. Оның пасталарда кездесетін мөлшері мен формалары қауіпсіз. Тіс пастасының құрамында бұл қоспаның тіс эмалін жеп, қатерлі ісіктердің өсуіне себеп болатындығын растайтын ғылыми дәлелдер жоқ. Тіс пастасының құрамында ол тартымды ақ-ақ реңк қалыптастыру үшін ғана қажет.
Қорыта айтқанда, тіс пасталарының құрамындағы титан диоксиді қауіпсіз. Ол тіс эмалін жемейді және қатерлі ісік тудырмайды. Мұны дәлелдейтін зерттеу құрамында титан диоксиді ғана бар тағамдарға қатысты болған және ол заттың канцерогенділігін тікелей дәлелдемейді.