Оқу-ағарту министрлігі Риддерде қазақ тілінде оқытатын мектептің жабылуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Қазнетте Риддерде мемлекеттік тілде оқытатын «Шаңырақ» мектебі жабылды деген қауесет тарады. ШҚО Білім басқармасы мен Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышеваның айтуынша, «Шаңырақ» мектебі жабылмаған. Қазіргі уақытта оқу орнының ғимараты бос тұр, өйткені балалар мен мұғалімдер уақытша басқа, ыңғайлы үй-жайға ауыстырылды. Себебі ескі ғимарат жөндеуді қажет етеді.
Бұл ақпаратты ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов те растады. Ол өзінің Facebook парақшасында былай деп жазды:
«Шаңырақ» мектебі уақытша Риддер қаласының №11 мектеп ғимаратына көшірілді. Балаларға барлық қажетті қолайлы жағдай жасалған (қауіпсіз, тамақтандыру және т.б). Бұл ата-аналардың «Шаңырақ» мектебінің қазіргі ғимаратының апаттық жағдайына байланысты өтініші негізінде ұйымдастырылды»
Сондай-ақ, ол 2024 жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын жаңа мектепті «Шаңырақ» мектебіне беру жоспарланып отырған атап өтті.