Fake News

ҚР Қаржы министрлігі Ерұлан Жамаубаевтың фейк сұхбатын жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты полиция қамауға алып жатқан сурет тарады. Суреттің астында «Қазақстан Банкі» министрді сотқа бергені туралы мақалаға сілтеме берілген. Мұның бәрі өтірік.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі министрді сотқа бергені туралы ақпарат пен оны қамауға алудың суреттері фейк деп мәлімдеді.

– Желіде қоғамдық тәртіпті бұзушыларға жағдай жасауға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған шындыққа жанаспайтын, көрінеу жалған ақпарат тарады. Мұндай заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, Ерұлан Жамаубаевты сотқа беру туралы ақпарат бұған дейін де тараған болатын. Олардың фейк екені анықталды, бұл іс жүзінде криптовалюта сататын боттың жарнамасы болып шықты.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button