Fake News

Дәлелсіз: «Желіде ауқымды Жер учаскелерін өртейтін қаруға берілген патент табылды»

Желіде ірі орман өрттерін қоятын қарудың бар екендігінің «дәлелі» табылды. Қастандық теориясын жақтаушылар бағытталған энергия қаруының патентін және ұшақтың басындағы футуристік құрылғының фотосуретін көрсетеді. Бұл не екенін анықтайық.


Алдымен, бағытталған энергия қаруы бар екенін, бірақ оның орман өрттері мен басқа да табиғи апаттарға ешқандай қатысы жоқ екенін айта кеткен жөн. Мұндай қару көбінесе жарық жылдамдығымен электромагниттік энергия сәулесін шығаратын лазер болып табылады. Осылайша, бұл қару әскери нысандарға тез және тиімді соққы бере алады. Мысалы, ұшатын баллистикалық зымырандар мен дрондар.
Желіде табылған нөмірі US10337841B2 патентте дәл осындай қару сипатталған. Оны әртүрлі қару-жарақ пен қорғаныс жүйелерін әзірлеумен айналысатын израильдік Rafael Advanced Defense Systems Ltd компаниясы алған.
Патентте сипатталған құрылғы өрт қоюға арналмаған. Патентте сәйкес, бұл нақты әскери нысандарды жою үшін қажет.
Хабарламадағы екінші фотосуретте ұшақтың басына орнатылған үлкен линзасы бар ерекше құрылғы бейнеленген Суреттерді кері іздеуге арналған құралдардың көмегімен бұл Боинг YAL-1 ұшағындағы борттық лазер екені анықталды. Ол да ормандарды өртеуге арналмаған. Оны баллистикалық зымырандар мен дрондардан қорғану үшін жасап шығарған. Мұндай ұшақ алғаш рет 2002 жылы ұшқан, ал 2014 жылы жобаны қаржыландыру тоқтатылғандықтан есептен шығарылды. Қазір ол Аризона штатында тұрақта тұр. Борттың пайдалануға жарамды барлық бөліктері алынып тасталды.
Жаппай дала өрттері әдейі қойылады, әсіресе бұл әскери лазердің көмегімен жасалады деген теория дәлелсіз.
Демек, таралған ақпарат – фейк, табылған патент пен ұшақтың басындағы лазердің суреттері орман өрттері қару-жарақпен әдейі қойылатынын дәлелдемейді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button