Фейк: «2030 жылға қарай кейбір қалаларда ет пен сүт өнімдерін жеуге тыйым салынады»
Instagram-да 2030 жылға қарай кейбір қалаларда ет пен сүт өнімдерін жеуге, жеке көліктің болуына және жылына үш киімнен артық сатып алуға толықтай тыйым салынатыны туралы хабарлама тарады. Бұл шаралардың барлығы климаттың өзгеруімен күресуге және адамзатқа көмектесуге бағытталған. Мұның бәрі жалған.
Ет пен жаңа киімге тыйым салу жоспарланып отырғаны туралы жаңалықтың дереккөзі – The People’s voice жаңалықтар порталы, ол үнемі фейк және псевдо ғылыми ақпараттар жариялайды және әртүрлі қастандық теорияларын таратады.
Жарияланым мәтінінде С40 құрастырған 2019 жауабына сілтеме бар. C40 – бұл әртүрлі елдердегі әртүрлі қалалардың жүзге жуық мэр кіретін ұйым. Бұл бірлестіктің мақсаты – климаттың өзгеруімен күресу.
Ұйымның аталған есебінде белгілі бір тағамдарды тұтынуға тыйым салу, жекеменшік көлікті пайдалану немесе жылына бір адамға киім санын шектеу туралы айтылмайды. Сондай-ақ, бұл туралы желіде табуға болатын ұйымның басқа құжаттарында айтылмаған.
Мұндай шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында да, қалалық әкімдіктердің ресми сайттарында да жазылмаған. Ет, сүт, жеке көлік және жаңа киімге тыйым салу туралы барлық ақпараттар The People’s voice порталына ғана қатысты.
Ағылшын тіліндегі фактчекерлер де мұндай тыйымдар туралы жаңалықтар өтірік екенін хабарлады.
Демек, бұл ресурстың тілшілері еш жерде енгізілмейтін ерекше тыйымдарды ойлап тапқан.