Қазнетте құрттап кеткен бананның фейк видеосы тағы да тарады
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар құрттап кеткен банан туралы кезекті видеомен бөлісуде. Онда жемістерді микроскоппен қарап отырып, паразиттерді табады. Бұл роликке сенбеген жөн. Неге екенін түсіндіріп өтейік.
Бастапқы дереккөз – @mir_glazami_microscopa TikTok аккаунты. Бұл ролик 2023 жылдың 16 тамызында жарияланған және оны төрт миллионнан астам адам көрген.
Видеоның толық нұсқасында бананнан «табылған» құрттар ірі және оларды жай көзбен көруге болатындығын байқаймыз. Яғни, паразиттерді жемістке монтаждау процесінде әдейі салып қоюы мүмкін.
Бұл пайым осы аккаунттағы басқа роликтермен расталады. Мысалы, көгерген нан туралы роликте және бүлінген құлпынайдың видеосында бірдей кадрлар көрсетілген.
Сондай-ақ парақшада автор құрттарды әдейі өсіретін шіріген тағамдары бар Петри табақтары көрсетілген видеолар да бар.
Басқа роликте автор кейде кадрлар қызықты әрі қорқынышты болуы үшін ол өнімдер мен заттарды әдейі ластап, микроскоппен қарайтынын мойындайды. Мысалы, «лас» шұжықтың видеосында ол алдымен оны шүберектің, компьютердің пернетақтасының үстіне қояды, содан кейін оған Петри табақшасында өсірілген құрттарды салады.
Демек, таралған роликке сенуге болмайды – қаралып отырған өнімдерге паразиттерді, әртүрлі бейорганикалық бөлшектерді қосатынын автордың өзі мойындады.