Fake News

Фейк: «Pfizer вакцинасымен егілген адамдар кенеттен қайтыс болуда»

Instagram-да COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасымен егілген адамдардың кенеттен қайтыс болған сәттері көрсетілген видео тарады. Бұл рас па? Анықтайық.

Бұл ролик 16 қысқа видеодан тұрады, олардың әрқайсысында бір адам есінен танып қалады. Бұл ересектердің кенеттен қайтыс болу синдромына арналған видео.
Шындығында, онда көрсетілген адамдар өлген жоқ. Олар есінен танып құлаған. Мәселен, видеоның басында ауа райы болжамымен таныстырған жүргізуші Алиса Карлсон көрсетілген. Ол бұл жағдай туралы әлеуметтік желілерде жазғанда есінен танып қалуына COVID-19 қарсы вакцина себеп болды деп айтпаған.
Сондай-ақ видеода медбике Тиффани Довердің естен танып қалғаны көрсетілген. Ол вакцина алғаннан кейін бірден құлаған, кейіннен ол кезбе ауруының барын айтқан. Бұл жағдайда адам аз ғана ауырсынудың салдарынан есін жоғалтуы мүмкін. Яғни, Тиффанидің естен тануына вакцина емес, инъекцияның өзі себеп болған.
Жалпы, есінен танып қалған адамдардың видеоларын вакцинацияға қарсы адамдар жиі пайдаланады. Олар осындай видеолар жасап, адамдарды вакцинацияның өте қауіпті екеніне сендіруге тырысады. Шын мәнінде, видеода көрсетілген адамдардың қандай да бір вакцина алғанына ешқандай дәлел жоқ.
Ересектерде кенеттен қайтыс болу синдромы бар. Бірақ оның вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ және COVID-19-ға қарсы егу науқаны басталғанға дейін көп уақыт бұрын анықталған. Синдром көбінесе жас және сырттай сау көрініп, жүрек проблемалары барын білмейтін адамдарда болады. Жастар аритмия белгілерін байқамайды және кардиологқа барып қаралмайды. Нәтижесінде, аяқ астынан жүрек ұстамасы болып, кенеттен қайтыс болады.
COVID-19 қарсы вакцинация мен ересектердің кенеттен қайтыс болу синдромының арасындағы байланыс расталмайды. Вакцинацияланған жастар арасында кенеттен болған өлім жиі болатыны туралы деректер де жоқ. 
Демек, таралған видео – фейк. Біріншіден, видеодағы адамдар өлген жоқ, жай есінен танып қалды. Екіншіден, олардың барлығы вакцинацияланғанына және соның салдарынан құлап жатқандары дәлелденбейді. Үшіншіден, ересектердің кенеттен қайтыс болу синдромының COVID-19 қарсы вакцинацияға қатысы жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button