Фейк: «Жаңа «Сергек» камералары машинаның әйнегіндегі жарықтарды автоматты түрде анықтайды»
Елорда тұрғындары әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жаңа үлгідегі «Сергек» камераларын орнатуды қызу талқылауда. Олардың айтуынша, құрылғы, автокөліктің алдыңғы орындықтарында отырған балаларды, тіпті алдыңғы әйнектердегі жарықтарды да байқайды екен. Бұл өтірік.
Қазіргі уақытта Астанада жаңа «Сергек» камералары сынақтан өткізілуде. Жоғары ажыратымдылық пен кіріктірілген поляризациялық фильтр арқылы құрылғы автомобильдер мен жүргізушілердің нақты суретін алуға мүмкіндік береді.
Алайда, әйнектегі жарықтар мен алда отырған жолаушылардың жасын камера автоматты түрде анықтамайды.
– Қазіргі уақытта «Сергек» жүйесі автоматты режимде жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жол белгілерін басып өту сияқты бұзушылықтарды тіркейді, – деп хабарлады Sergek Group баспасөз қызметі.
Демек, Қазнетте таралған ақпарат жалған.