Жалған: «Еуропалық комиссияның президенті демографиялық өсуді тоқтату қажеттілігі туралы ашық айтты»
Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен экономикалық және демографиялық өсуді тоқтату қажет, әйтпесе Жер аман қалмайды деп айтқан видеоны жариялады. Бұл манипуляция.
Таралған фрагмент контексттен үзіп алынған, осыған байланысты Урсула фон дер Лейеннің сөздерінің мағынасы бұрмаланды. Ол демографиялық өсуді тоқтату қажеттілігі туралы айтпаған.
Төменде Еуропалық комиссия президентінің не жайлы айтқанын түсіндіріп өтейік.
Урсула фон дер Ляйен сөз сөйлеп тұрған видео 2023 жылдың 15-17 мамырында өткен «Өсуден тыс» (Beyond Growth) конференциясында түсірілген. Конференцияның мақсаты қолайлы экономикалық модель құру үшін халықтың өсуіне және планетарлық шектеулерге байланысты негізгі мәселелерді анықтау болды.
Фон дер Ляйен өз сөзінде 1972 жылы «Рим клубы» халықаралық қоғамдық ұйымы мен Массачусетс технологиялық институтының (MIT) зерттеушілер тобы, яғни 50 жылдан астам уақыт бұрын құрастырған «Өсу шегі» деп аталатын есебіне тоқталады.
Бұл есепте авторлар 2100 жылдан кейін әлемде экономикалық және демографиялық өсуді қолдау мүмкін болмайтын бес факторды атайды. Бұл факторларға халық саны мен ауылшаруашылық өндірісті ұлғайту, қалпына келмейтін ресурстардың (негізінен қазба отындарының) сарқылуы, өнеркәсіптік өндірістің өсуі және қоршаған ортаның ластануы жатады.
Фон дер Ляйеннің айтуынша, зерттеушілер экономика мен халықтың өсуін тоқтату қажет, әйтпесе планетаның шамасы жетпейді деген қорытынды жасаған. Әлеуметтік желілерде оның сөзінің нақ осы бөлігі тарады. Яғни, Урсула фон дер Ляйен есептенн дәйексөз келтіреді, бұл оның пікірі емес.
Оның үстіне, комиссия президенті өз сөзін осымен аяқтамайды. Фон дер Ляйен бұдан әрі қазбаға негізделген отынды пайдалану моделі ескірген деп мәлімдеді. Есепті орындап, демографиялық өсуді тоқтатпай, көміртексіз экономикаға көшу керек. Сондай-ақ ол климаттың өзгеруіне қарсы тұру және алғашқы климаттық бейтарап континент құру үшін
«Еуропалық жасыл курс» жоспарын ұсынды. Алайда, бұл сөзі әлеуметтік желілерде жоқ.
Демек, Урсула фон дер Ляйен экономикалық және демографиялық өсуді тоқтату қажет деп мәлімдемеген. Оның сөздері контекстен үзіп алынған. Олай болса, тұжырым жалған болып табылады.